Accessibility links

Назарбаев: Қазақстандағы еркіндік жағдайы тәуір


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта). Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция президенті Франсуа Олланд (сол жақта). Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл.

"Қазақстанда адам құқығы мен еркіндігі жағдайы Еуропаның кейбір елдерінен әлдеқайда тәуір",- деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Франция президенті Франсуа Олландпен кездесуден соң.

"Бізде ешқандай цензура мәселесі, саяси қуғындау мәселесі жоқ. Сондықтан бұл жерде қатып қалған қағидалардан бас тартып, басқаша көзбен қарау керек. Біздің өзімізідің тарихымыз, мәдениетіміз, тегіміз бар. Біз олардан бас тартпаймыз. Әлемде бар демократияны құрметтеп және соған қарай ұмтыла отырып біз өзіміздің түбірімізден ажырап қалғымыз келмейді. Біздің ойымыз басқа. Былайша айтқанда, біз еуропалықтардан басқа түс көреміз,-" деген Назарбаев.

Қазақстанда "100-ден астам ұлт өкілі тұрып жатқанын" келтірген Назарбаев ұлт өкілдерінің "құқығы тең, тілдері мен мәдениет қорғалғанын, 18 тілде мектептері жұмыс істейтінін" айтқан.

"Діни 40 конфессия мүлдем еркін қызмет етеді. Мешіттер, синагогалар салынып жатыр. Яғни, адамның негізгі құқықтары - жұмысқа тұру, баспаналы болуы, жақсы өмір сүру құқықтарын қамтамасыз етіп отырмыз,-" деген Назарбаев.

XS
SM
MD
LG