Accessibility links

Ресей елшілігі: Нигериядағы ұшақта 18 ресейлік болған


Ресейлік Ан-124 жүк ұшағы. (Көрнекі сурет).
Ресейлік Ан-124 жүк ұшағы. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Нигериядағы елшілігі желтоқсанның 6-сында осы елде ұсталған қару-жарақ тиеген Ан-124 ұшағында болған 20 адамның 18-і Ресей, қалған екеуі Франция азаматы екенін хабарлады.

Бұған дейін Нигерия билігі ресейлік Ан-124 жүк ұшағы мен оның француз тілінде сөйлейтін экипажын ұстағанын хабарлаған. Ұшақ Орталық Африка Республикасының астанасы Банги қаласынан Чад мемлекетінің астанасы Нджамен қаласына ұшып шыққан. Алайда Нджамен әуежайының уақытша жабылуы кесірінен Каноға қонуға мәжбүр болған.

Ресей ұшағының бортынан екі тікұшақ, бронды көлік және қару-жарақ салынған (болжам бойынша) жәшіктер табылған.

Экипаждың бес мүшесі заңсыз қару тасу әрекетін тексеру үшін қамауға алынған.

XS
SM
MD
LG