Accessibility links

Шыңжаңда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Бүгін Алматы уақытымен таңғы сағат 6.50-де Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында жер сілкінді" деп хабарлайды Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 385 километр жерде, Шыңжаңның Іле-Қазақ автономиялық округінде тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы эпицентрінде 4,1 балды құраған.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеген.

XS
SM
MD
LG