Өзбекстан президенті Ислам Каримов "Ресей Орталық Азиядағы қауіпсіздікті исламшыл содырлардан төнген қауіптен қорғай алады" деп мәлімдеді. Бұл жайында ол желтоқсанның 10-ында Ташкентте Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен кезінде айтты.
Каримовтың сөзінше, Сирия мен Ирактан радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының "түрлі элементтері" Ауғанстанға "әлдеқашаннан бері еніп жатыр". Ол Ресейдің Орталық Азияда болуының өзін "бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы маңызды фактор" деп атады.
Путин Солтүстік Кавказда исламшылдармен қақтығыстарды бастан өткерген Ресей "Өзбекстанның НАТО Ауғанстаннан кеткеннен кейінгі қауіпсіздік мәселесі қалай болады деген алаңдаушылығын түсінетінін" білдірді.
Путиннің Каримовпен кездесуінен соң Ресей Өзбекстанның 890 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қарызының көп бөлігін жоятыны туралы келісімге қол қойылған. Бұған қоса Батыс елдерінен азық-түлік пен көкөніс импорттауға эмбарго қойған Ресей Өзбекстаннан ұзақ мерзім бойы ауыл шаруашылығы өнімдерін алып тұруға уағдаластық жасалды.
76 жастағы Ислам Каримов Өзбекстанды СССР құлағанға дейінгі кезеңнен бері басқарып келеді.