Accessibility links

АҚШ Аксеновтің Делиге барғанына алаңдаулы


АҚШ мемлекетттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки.
АҚШ мемлекетттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки Ресей президенті Владимир Путинмен бірге Үндістанға Украинадан аннексиялап алынған Қырым басшысы Сергей Аксеновтің де болғанына алаңдаушылық білдірді. Псакидің сөзінше, Үндістан сыртқы істер министрлігі Ресей делегациясы құрамында Аксеновтің де барын білмегенін айтқан. "Біз бұл жағдайға байланысты қосымша түсініктеме берілгенін күтеміз" деді Псаки.

Украина сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Аксенов Путиннің Үндістанға сапарында ресми делегация құрамына кірген. Аксеновтің баспасөз хатшысы оның аймақ басшысы ретінде бірінші рет халықаралық сапармен Нью-Делиде жүргенін айтқан.

"Интерфакс" агенттігінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап хабарлауынша, Аксенов Қырым республикасы басшылығы мен құрамына Үндістанның іскерлік топтары өкілдері кіретін "Үнді-Қырым әріптестігі" ұйымы басшылығы арасындағы өзара ықпалдастық меморандумына қол қойған.

XS
SM
MD
LG