Accessibility links

Бүгін Жаңаөзен оқиғасына 3 жыл толды


Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі Жаңаөзен қаласындағы орталық алаң. 18 желтоқсан, 2011 жыл.
Жаңаөзен оқиғасынан кейінгі Жаңаөзен қаласындағы орталық алаң. 18 желтоқсан, 2011 жыл.

Бүгін Жаңаөзен оқиғасына үш жыл толды. 2011 жылы желтоқсанның 16-сында Тәуелсіздік күні Жаңаөзендегі бірнеше айға созылған өз құқықтарын талап еткен наразылықтың жалғасында полиция қарусыз адамдарға оқ атты. Бұл оқиғадан, ресми мәлімет бойынша, 16 адам қаза тапты.

Желтоқсанның 17-сінде Шетпе станциясында жаңаөзендіктерді қолдап, қарусыз адамдарға оқ атылғанына наразылық білдірген тұрғындар мен полиция қақтығысып, ресми ақпар бойынша бір адам қаза тапты. Ресми орындардың мәліметінше Жаңаөзен мен Шетпедегі қақтығыстардан 100-ге тарта адам жараланған.

Желтоқсанның 17-сінде Жаңаөзенде қаңтардың 5-іне дейін төтенше жағдай жарияланып, кейін ол қаңтардың 31-іне дейін ұзартылды.

Содан бері Жаңаөзен оқиғасы қарсаңында қаза тапқандардың жанұялары мен қоғамдық белсенділер марқұмдарға ас беріп, еске алу рәсімін өткізіп келеді.

Биыл да Алматыда және Жаңаөзенде осындай шаралар өтті. Бүгін Жаңаөзен оқиғасы кезінде қамалып, соққыдан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың бірнеше күн ауруханада қайтыс болған қызы Әсем Кенжебаеваны жерлестері ақтық сапарға шығарып салады.

XS
SM
MD
LG