Accessibility links

Путин: дағдарыстан шығу үшін екі жыл қажет


Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз мәслихатын теледидардан көріп отырған ресейлік. Иваново, 18 желтоқсан 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз мәслихатын теледидардан көріп отырған ресейлік. Иваново, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Бүгін, Владимир Путин Мәскеуде "үлкен баспасөз мәслихатында" Ресей экономикалық құлдыраудан және рубльдің дағдарысынан шыға алатынын айтты. Путиннің сөзінше, экономикалық дағдарыстан шығу үшін екі жыл қажет.

Ол Ресейдегі экономикалық дағдарысты ішкі факторлармен және әлемдегі мұнай мен газ бағасының түсуімен байланыстырды.

Ресей президенті Орталық банк пен үкімет рубльдің құлдырауын тоқтату үшін жұмыстар жасап жатқанын және кейбір қадамдарды жылдам жасау керектігін айтты.

Путиннің сөзінше, Ресей 2008 жылғы дағдарыс кезінде қолданған шараларды бұл жолы да қолданады және мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттерді толық орындайды.

XS
SM
MD
LG