Accessibility links

Обама АҚШ-тың Қырыммен саудасын тоқтатты


АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде отыр. Вашингтон, 17 желтоқсан 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде отыр. Вашингтон, 17 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Украинаның Ресей аннексиялап алған Қырым аймағына америкалық тауарларды, технология мен қызмет көрсету түрлерін экспорттауға тыйым салды.

Бұдан бөлек, Обама АҚШ қазына департаментіне Қырымдағы бірқатар тұлғалар мен компанияларға санкция салуды тапсырды.

Бұл мәлімдемесін Обама 19 желтоқсан күні жасады. Ол Ресейді Қырым түбегін аннексиялауды тоқтатуға шақырды.

АҚШ қаржы министрлігі Қырымдағы 17 адамды санкцияның "қара тізіміне" қосты.

Бір күн бұрын Еуропа Одағы Қырымға инвестиция апаруға тыйым салған еді. 18 желтоқсан күні Обама Ресейге жаңа санкциялар салуға рұқсат ететін заңға қол қойды. Украинаның Қырым түбегін Ресей басып алып, наурыздан бері бұл түбек іс жүзінде Ресейдің қол астында тұр.

XS
SM
MD
LG