Accessibility links

Ирактағы күрд жасақтары ИМ-ді тықсырды


ИМ-мен соғысып жатқан Ирак әскері. (Көрнекі сурет)
ИМ-мен соғысып жатқан Ирак әскері. (Көрнекі сурет)

Ирактағы күрд жасақтары "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы содырларына соққы беріп, оларды Синжар тауынан шегіндірді.

Күрдтердің "Пешмерга" жасағының басшысы 19 желтоқсан күні Синжар тауының солтүстігіндегі ИМ содырларын шегіндіргенін хабарлады.

Синжар тауының бір бөлігін қоршап тұрған ИМ содырларына тойтарыс бергендерін күрд әскерилері осы жылдағы ең ірі жеңістері деп бағалайды.

Жыл басында ИМ содырлары Ирак пен Сирияның бір бөлігін басып алған еді. Олар басып алған аймақтардағы мұсылман емес тұрғындар мен шииттерді қудалап, ол жердегі халықтың бір бөлігі босып кеткен болатын. Қазір Синжар тауында ИМ содырларының қоршауында қалған босқындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары басталған.

Ирактағы Күрдістан президенті Масуд Барзани Сирия мен Ирак шекарасындағы Синжар өлкесін азат ету операциясын өзі басқарғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG