Accessibility links

Үкімет: Коммуналдық тарифтер қатты қымбаттамайды


Үкімет үйі. Астана, 16 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Үкімет үйі. Астана, 16 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан ұлттық экономика министрінің орынбасары Марат Құсайынов 20 желтоқсан күні үкімет отырысының қорытындысы бойынша Астанада өткен брифингте "халыққа арналған коммуниалдық қызметтер тарифтері қатты қымбаттамайтынын" хабарлады.

Ол «Халыққар арналған коммуналдық қызметтер тарифінің қатты қымбаттауы болмайды" деген. Құсайыновтың айтуынша, "2015 және 2016 жылдары Ұлттық қордан 160 миллиард теңге бөлінеді, ол қаражаттың белгілі бір бөлігі табиғи монополия субъектілерін қаржыландыруға жұмсалады".

Ол "Осы арқылы тұтынушылардың тариф шығындарының бір бөлігін мемлекет өз мойнына алады. Бірақ 1,2-1,4 пайыз инфляцияны ескере отырып 2020 жылға дейін тариф жоспарлы түрде бірте-бірте өседі" дейді.
Вице-министр «Бұл инфляциялық дәліз қазір де жұмыс істеп тұр. Негізгі міндет - тарифтерді бірден емес, бірте-бірте өсіру" деп түсіндірген.

Осы брифингте ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәдина Абылқасымова "бюджет болжамы мұнай бағасы барреліне 40 доллар болуы мүмкін деген есеппен қайта жасалғанын" хабарлаған.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі бюджет мұнай бағасы 2015 жылы барреліне 80 доллар болады деген есеппен жасалған. Абылқасымова "Енді мұнай бағасы барреліне 70, 60, 50, 40 доллар болатын есеппен бюджет болжамдары қайта жасалды" деген. Министр орынбасарының айтуынша, "бюджет жағдайға қарай осы болжамдармен қайта қаралып отырады".

XS
SM
MD
LG