Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ресми сапармен Украина астанасы Киевке барады. Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаев Киевте Украина басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізеді деп хабарлаған.
Кеше, желтоқсанның 21-інде Киевке Беларусь президенті Александр Лукашенко да барған. Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Назарбаев пен Лукашенконың сапарын "дәл уақытында жасалатын маңызды оқиға" деп атаған.
Желтоқсанның 23-інде Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің кезекті отырысы өтуі тиіс. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан президенттері қатысады.