Пәкістанның ішкі істер министрі Чоудри Нисар Али Хан елде жақын күндері терроризмге қатысы бар деп айыпталған 500-дей адамға қатысты өлім жазасы орындалуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Ішкі істер министрі елде 2008 жылы өлім жазасына жарияланған мораторийді алып тастау туралы шешімді Пешаварда 16 желтоқсанда болған шабуылға дейін шығарған. Пешаварда 132 оқушы мен 9 мектеп қызметкері мерт болған күннің ертеңінде Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф мораторийді алып тастау туралы шешімге қол қойған.
Осы уақыттан бері Пәкістанда алты адам өлім жазасына кесілген.