Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 239 километр қашықтықта жер сілкінді. "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, тербеліс желтоқсанның 23-і күні жергілікті уақыт бойынша 20:59-да тіркелген.
Жер сілкінісінің қуаты эпицентрінде магнитуда бойынша 5,1-ге жеткен. Тербеліс жердің 20 километр тереңдігінде болған. Оның әсері Талдықорған қаласында да сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.