Accessibility links

Иракта жарылыстан 22 адам мерт болды


Ирак көшелеріндегі терактен кейінгі жағдай
Ирак көшелеріндегі терактен кейінгі жағдай

Бағдаттың оңтүстігінен 20 километр жерде орналасқан Мадаин қаласында жанкешті өз-өзін жарып жіберді.

Жарылыстан кем дегенде 22 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланған. Мерт болғандар мен зардап шеккендердің барлығы - "Ислам мемлекетіне" қарсы соғысып жүрген Ирак әскерилері мен "Ас-Сахва" тобының сарбаздары.

Жарылыс сарбаздар қаладағы әскери базаға айлықтарын алуға жиналған сәтте болған. Әзірге бұл терактіні ешбір топ мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG