Accessibility links

Астанада Назарбаевтың қатысуымен телекөпір өтіп жатыр


Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан телекөпір. 25 желтоқсан 2014 жыл. 24.kz телеарнасы сайтындағы тікелей эфирден алынған скриншот.
Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан телекөпір. 25 желтоқсан 2014 жыл. 24.kz телеарнасы сайтындағы тікелей эфирден алынған скриншот.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпы ұлттық телекөпір басталды.

24.kz телернасы тікелей эфирден көрсетіп жатқан телекөпірде Қазақстандағы индустрияландыру саясатының алғашқы бес жылының қорытындысы таныстырылуда.

Телекөпірде 2010 жылдан бері үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 770 жоба іске асқаны, оның ішінде "Еурокоптер" тікұшақтарын шығаратын біріккен зауыт, Ақтөбеде феррор қорытатын зауыт, Ақтауда битум зауыты ашылып, Алматы облысында Мойнақ ГЭС-і, Алматыда азық-түлік логистикалық орталығы, Жезқазған-Бейнеу теміржол желісі, Өзен-Горган темір жол желісі іске қосылғаны айтылды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, телекөпірде Назарбаевқа 15 жаңа жоба таныстырылмақ. Телекөпір соңында Назарбаев президенттің "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарын тапсырмақ.

Қазақстанда үдемелі-индустриалдық жобалар ретінде ашылған ондаған зауыт пен кәсіпорын бірнеше жыл өткесін дағдарысқа ұшырап, я өнім шығармаған күйі жабылып қалғаны жайлы Азаттық өткен жылы жазған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақтарды аралау кезінде мұндай «өндіріс орындарын» ашу салтанаттарына қатысып, оларды "ел экономикасының өсу көрсеткіштері" ретінде мысал еткен.

XS
SM
MD
LG