Сирия билігі осы елдің ішіндегі қарулы қақтығысты реттеуге арналған бейбіт келіссөздерге қатысуға әзір екенін білдірді. Батыс агенттіктерінің хабарлауынша, бұл келіссөздер келесі айда Мәскеуде өтпек.
Сирияның SANA ақпарат агенттігі осы елдің аты-жөнін айтпаған сыртқы істер министрлігі қызметкеріне сілтеме жасай отырып, үкімет өкілдерінің "Мәскеуде өтетін адын ала кеңесу жиынына" қатысатынын айтқанын хабарлады.
Ресей сыртқы істер министрлігі бірнеше күн бұрын Сирия билігі мен оппозициясы топтарының кездесуін ұйымдастырмақ ниетте екенін хабарлаған еді.