Accessibility links

ЕҚЫҰ: Баку Азаттықтың жұмыс істеуіне мүмкіндік берсін


Азаттықтың Баку бюросындағы тінту. Әзербайжан, 26 желтоқсан 2014 жыл.
Азаттықтың Баку бюросындағы тінту. Әзербайжан, 26 желтоқсан 2014 жыл.

ЕҚЫҰ Азаттықтың Бакудегі бюросы тінтіліп, жабылғанын айыптап, әзербайжан билігінің әрекетін "баспасөз бостандығы мен ой-пікір еркіндігіне қатаң соққы беру" деп бағалады.

Ұйымның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятовичтің мәлімдеуінше, Баку "Азаттықтың Бакудегі бюросының қызметін қайта жалғастыруына мүмкіндік беріп, елде сыни ой-пікірдің болуын қамтамасыз етуі тиіс".

Желтоқсанның 26-сында прокуратура өкілдері Азаттықтың Бакудегі бюросын тінтіп, құжаттар мен файлдарды, құрал-жабдықтарды тәркілеп әкетіп, редакция есігін мөрлеп кеткен. Сол күннің ертеңінде бюроның 12 қызметкерін тергеуге ұстап әкетіп, кейін тергеу мәліметтері туралы ешкімге тас жармайтыны туралы қолхат жазған соң босатылған.

Желтоқсанның 29-ында бюроның басқа да қызметкерлері тергеуге шақыртылған.

XS
SM
MD
LG