30 желтоқсанда Алматыдан шығысқа қарай 85 километр жерде жер сілкінісі тіркелді. Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы зілзала ошағы Қазақстан жерінде екенін хабарлады.
4,4 магнитудалы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 9 сағат 27 минутта тіркелген. Зілзаланың сезілгені және зардаптары туралы әзірге мәлімет түспеген.
Соңғы рет 17 желтоқсан күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 78 километр қашықтықта магнитудасы 4,5-ті құрайтын жер сілкінісі болған еді.
Қараша айында болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар бірнеше апта бойы афтершок болуы мүмкін деп ескерткен.