Accessibility links

ТМД азаматтарының Ресейге кіру тәртібі өзгерді


Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымдағы әкімшілік шекарадан өтіп бара жатқан адамдар. 30 желтоқсан 2014 жыл.
Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырымдағы әкімшілік шекарадан өтіп бара жатқан адамдар. 30 желтоқсан 2014 жыл.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) ауқымындағы кейбір елдердің азаматтары биылдан бастап Ресейге тек шетелдік төлқұжатпен ғана кіре алады. Бұл ережені енгізген Ресей сыртқы істер министрлігі миграция процесін бақылау тиімділігін арттыруды мақсат еткенін айтады.

Бұл ереженің Кеден одағы мен Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрамындағы елдер азаматтарына қатысы жоқ. ТАСС ақпарат агенттігі дерегінше, ЕАЭО-ға кіруге келіссөз жүргізіп жатқан Қырғызстанның және ішкі саяси жағдайы күрделі Украинаның азаматтарына да бұл ереже жүрмейді.

Бірақ Ресей Украина азаматтарына арналған жеңілдетілген миграция тәртібінен бас тартты.

XS
SM
MD
LG