Германияның сыртқы істер министрлігі Мәскеу мен Киевтің шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін шұғыл арада кездесуге әзір екенін мәлімдеді.
Министрлік өкілінің сөзінше, Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы шиеленісті 2 қаңтар күні Украина, Ресей және Франциядағы әріптестерімен телефон арқылы талқылаған.
"Байланыс тобы жуыр уақытта кездеседі деп келісілді" деп хабарлады өкіл.
Былтырғы сәуірден бері шығыс Украинадағы қарулы қақтығыс кезінде 4700-ден астам адам өлді. Қақтығыс Ресей наурыз айында Қырымды аннексиялап алған соң басталған.
Бұл жанжал Батыс пен Ресейдің арасын нашарлатып жіберді.