Accessibility links

Царнаевтың соты дүйсенбіде басталады


Бостон марафоны кезінде жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаевтың сот залындағы кескіні
Бостон марафоны кезінде жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаевтың сот залындағы кескіні

Бостон марафоны кезінде жарылыс жасады деген күдікті Джохар Царнаевтың соты 5 қаңтарда басталатын болды. АҚШ соты соңғы сәтте сотты өткізу мерзімін созу туралы өтінішті қабылдамай тастады.

3 қаңтарда апелляциялық сот Царнаевтың адвокаттары сот процесін кешеуілдетуге, я Бостоннан басқа жерде өткізуге негіз боларлықтай себеп келтіре алмады деген шешім шығарды.

АҚШ азаматтығын алған, тегі кавказдық 21 жастағы Джохар Царнаев 2013 жылғы сәуірде Бостон марафоны кезінде үш адамды мерт қылып, 260-тан астамын жаралаған жарылысқа қатысты тағылған айыптарды мойындамайды. Оған ағасы Тамерлан екеуі марафон мәресіне жақын маңға жарылғыш салынған рюкзактар қалдырып кетті деген айып тағылған. Тамерлан Царнаев терактіден бірнеше күн өткен соң полициямен атыс кезінде оққа ұшқан еді.

Бостон жарылысы АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған шабуылдан кейін жасалған ең ірі теракт деп сипатталады.

Егер айыпты деп танылса, Джохар Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG