Accessibility links

Шұғылалықтар үйлерін қоршамауды талап етті


Шұғыладағы жер дауы
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:31 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Шұғыладағы наразылық.

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Шұғыла ықшам ауданының 40 шақты аса тұрғыны бүгін ауылда жиналып, даулы жер телімдері мен ондағы үйлерін қоршамауды талап етті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, "Ақ бата" компаниясы өкілдері таяудан бері жер телімін сатып алғандарын және онда ауылдық әкімдік пен балабақша салынатынын айтып, қоршай бастаған.

Ал "Ақ бата" компаниясының заңгері Орал Рустамов жер теліміне қатысты дауды қазір компания өкілдері мен әкімдіктен құралған арнайы топ қарап жатқанын айтады. Тұрғындар бұл комиссия құрылғанынан хабарсыз екенін және оның құрамына өздерін неге қоспағанын айтып наразылық білдірген. Бірақ заңгер тұрғындар "өз өкілдерін ұсынбады" дейді.

Бұған дейін, қарашаның 16-сында тұрғындармен кездескен Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Ибрагим Әбілқасымов ішінде адамдар тұрып жатқан үйлерге сот шешімі шыққанға дейін ешкім тиіспейтінін айтқан.

Әкім орынбасары бұған дейін осы ауылдағы бес үйге қатысты шығарылған сот шешімі қайта қаралатынын және осы үйлердің сүрілмейтінін айтты.

XS
SM
MD
LG