Accessibility links

Түркияда терактіден бір адам қаза болды


Түрік полицейлері жарылыс болған жерде. Стамбул, 6 қаңтар 2015 жыл.
Түрік полицейлері жарылыс болған жерде. Стамбул, 6 қаңтар 2015 жыл.

Сейсенбі күні Түркияның Стамбул қаласының орталығындағы полиция бөлімшесіндегі жарылыс салдарынан жараланған екі полицейдің бірі қаза болған, екіншісі ауруханада жатыр.

Билік орындарының ақпараты бойынша, қаланың туристер көп келетін Сұлтанахмет ауданында Көк мешіт орналасқан кварталдағы полиция мекемесіне «әмияны жоғалғанын» айтып келген, ағылшын тілінде сөйлеген әйел адам денесіне жасырған жарылғыш затты жарып жіберген.

Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлу бұл жарылысқа қатысты «жан-жақты мұқият тексеруге» тапсырма бергенін мәлімдеген.

Бұған дейін қаңтардың 1-і күні Стамбулдағы Долмабақша сарайының сыртында Түркияда қызметіне тыйым салынған әсіресолшыл топ өкілі полицейлерге қарсы лақтырған екі граната жарылмай қалған еді.

XS
SM
MD
LG