Accessibility links

АҚШ азаматтарына қауіп-қатер жайлы ескертті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 17 желтоқсан 2014 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 17 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ үкіметі әлемде саяхаттап жүрген өз азаматтарына өмірлеріне қауіп барын ескерткен мәлімдеме таратты.

Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде Франциядағы Charlie Hebdo сатиралық журналына шабуыл, Австралиядағы кепілге алу оқиғасы және оған дейін Канада парламентіндегі оқ ату оқиғалары өте қырағы болу қажеттігін америкалық азаматтардың қаперіне салуы тиіс деген.

Сонымен бірге АҚШ тұрғындарының халық көп жиналатын шаралар, спорт жарыстары мен туристік саяхат кезіндегі ережелерді білуі керектігі айтылған.

Бұған қоса мемлекеттік департамент Ирактағы қарулы исламшыларға қарсы күресіп жатқан АҚШ пен оның коалиция бойынша серіктеріне қарсы шабуыл жасалу қаупі зор екенін ескерткен.

XS
SM
MD
LG