Accessibility links

Полторанин "Тур-де-Ски" кезеңінде күміс алды


Қазақстан шаңғышысы Алексей Полторанин
Қазақстан шаңғышысы Алексей Полторанин

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Вал-де-Фиеммеде (Италия) өткен "Тур-де-Ски" жарысының төртінші кезеңінде күміс медаль алды.

Ол 15 километрге классикалық әдіспен жарысуда мәреге германиялық Тим Чарнкемен бірге келген. Кейін фотофиниш арқылы жеңіс неміс шаңғышысына берілді. Қола жүлдені швейцариялық Дарио Колонья иеленді.

Полторанин осыған дейін Тоблахта (Италия) өткен "Тур-де-Ски" кезеңінде 10 километрлік жарыста алтын алған.

"Тур-де-Ски" - халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) жыл сайын ұйымдастыратын төрт кезеңнен тұратын жарыс. Онда алған орнына қарай спортшыларға ұпай беріліп, ол ұпайлары әлем кубогының нәтижесіне қосылады. Ал наурызда әлем кубогы мен "Тур-де-Ски" кезеңдерінің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған шаңғышы әлем кубогын иеленеді.

XS
SM
MD
LG