Прагада тұратын мұсылмандар қаңтардың 10-ы күні Вацлав Гавель атындағы саябақта бейбіт шеру өткізді. Олар Франциядағы Charlie Hebdo сатиралық журнал редакциясына шабуылдап, 12 адамның өмірін қиған терактіні айыптады. Азаттықтың Өзбек қызметі түсірген суреттер.
Прага мұсылмандары Париждегі шабуылды айыптады

1
Прагада жиналғандар Париждегі журнал редакциясына қарулы шабуылда мерт болған журналистер мен полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты.

2
Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын жариялаған Charlie Hebdo журналының редакциясына жасалған шабуылдан 12 адам қаза болды.

3
Прагадағы шеруге шыққандардың бірі «Ислам – бейбітшілік пен төзімділік діні» деген жазу ұстап тұр.

4
Мына плакатта «Парижде Ахмад қаза тапты» деп жазылған. Редакцияға қарулы шабуыл кезінде қаза тапқандардың арасында 42 жастағы полиция қызметкері Ахмад Мерабе де бар.

5
Демонстранттардың қолындағы тағы бір плакатта «Терроризмде дін жоқ» деп жазылған.

6
«Терроризмде дін жоқ» деген жазу көзге жиі шалынды.

7
Бейбіт шеруге балаларымен бірге келгендер.

8
Терроризм баршаға - мұсылман жандарға және мұсылман емес адамдарға да қатер төндіреді.

9
Прагадағы шеруде Париждегі сатиралық журнал редакциясына қарулы шабуыл кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Ахмед Мерабенің суретін ұстап тұрған адам.

10
Демонстранттың қолындағы плакатта «Ислам қауіпті емес, надандық қауіпті» деп жазылған.

11
Прагадағы шараға қатысушылар редакцияға жасалған террорлық шабуылды айыптады.