12 қаңтарда Пәкістанның Пешавар қаласындағы "Талибан" ұйымы содырлары шабуылына ұшыраған әскери мектеп қайта ашылды. Мектепке Пәкістанның әр аймағынан оқушылар қысқы демалыстан оралып жатыр.
AFP мәліметінше, Пешавардағы мектептің алдына 20 әскери адамнан құралған күзет қойылған. Мектепке кірер есікке әуежайдағыдай арнайы тексеріс сканерлері де орнатылған.
2014 жылдың 16 желтоқсанында "Талибан" Пешавардағы әскери мектепке шабуыл жасап, 142 адамды мерт еткен. Қаза болғандардың көбі - балалар.