Accessibility links

Ердоған: Батыс Париждегі шабуылда екіжүзділік танытты


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 12 қаңтар 2015 жыл.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 12 қаңтар 2015 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған батыс елдерінің Париждегі шабуылдарға реакциясы "исламофобиямен астасып барады" деп мәлімдеді.

"Батыстың екіжүзділігі айқын көрініп тұр. Біз - мұсылмандар терроризмді, қырғынды ешқашан қолдаған емеспіз. Бұл қантөгістің артында нәсілшілдік, жеккөрушілікті насихаттау мен исламофобия тұр" деді Ердоған Анкарада қаңтардың 12-сінде Палестина басшысы Махмуд Аббаспен бірге өткізген баспасөз жиынында.

Ердоған өзі жиі ашық сынайтын Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды да Париждегі шабуыл құрбандарын еске алған маршқа қатысқаны үшін сөзбен түйреп өтті.

"Сіздер Газа секторында мемлекеттік террор жасап, 2500 адамды қырған адамды маршта қолын арлы-берлі бұлғатып қойып не істемекшісіздер?" деді Ердоған Нетаньяхуға қарата сөйлеп.

Сонымен бірге Ердоған Париждегі 17 адам құрбан болған шабуылдарға күдіктілер бұған дейін түрмеде отырғандар болғандықтан, Францияның арнайы қызметі жұмысында кемшілік бар деді.

XS
SM
MD
LG