Қазақстандық боксшы Алмат Серимов "допинг қолданды" деп айыпталып, екі жылға бокстан шеттетілді деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Қазақстан антидопинг комитеті боксшы "Серимов халықаралық антидопинг ережелерін бұзғаны үшін екі жыл аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатыспайды" деген шешім шығарған.
81 килограмм салмақ дәрежесіндегі Алмат Серимов бірнеше рет Қазақстан чемпионатын ұтқан. Ол былтырдан бері "Астана арландары" бокс клубының құрамында жарыстарға қатысып жүрген. Допинг дауынан кейін "Астана арландары" боксшымен келісім-шартты үзді.