Бүгін өткен аптада Парижде болған шабуылда қаза тапқан жеті адам жерленді. Жерлеу рәсімі Париждің орталығында болды.
Франция президенті Франсуа Олланд 7 қаңтарда Charlie Hebdo басылымына жасалған шабуыл кезінде мерт болған полицейлер Франк Вринсоларо мен Ахмед Мерабетті, 8 қаңтарда Париж орталығында болған қарулы адаммен атыста өлген полицей Кларисса Жан-Филипті арнайы мемлекеттік медальмен мараппаттады.
Ал қарулы адамның Париждегі еврей дүкеніне шабуылы кезінде мерт болған төрт адам бүгін Иерусалимде жерленді.