Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 66-орында тұрған Михаил Кукушкин Сиднейде өтіп жатқан Apia International Sydney жарысының финалына шықты.
Ол жартылай финалда әлемдік рейтингте 28-орында тұрған аргентиналық Леонардо Майерді 1 сағат 40 минутта 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Михаил Кукушкин финалда сербиялық Виктор Троицкимен (әлемдік рейтингте 92-орында) кездеседі. Кукушкин финалға шығу арқылы рейтингіне 150 ұпай қосты. Ол келесі аптада жарияланатын жаңа рейтингте 45-пен 48 аралығындағы орындар біріне көтерілуі мүмкін.
Apia International Sydney - Халықаралық ерлер теннис федерациясы ұйымдастыратын турнир. Жүлде қоры - 500 мың доллар.