Фристайлдан Австрияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Юлия Галышева екілік могул бойынша қола жүлде алды.
Алтынды Ханна Керни иеленсе, күмісті Жюстин Дюфур-Лапуант (Канада) алды.
Юлия Галышева жартылай финалда Ханна Керниден (АҚШ) 17:18 есебімен ұтылып, қолаға таласта канадалық Клод Дюфур-Лапуантты 18:17 есебімен жеңді.
Галышева биыл Рукада (Финляндия) өткен әлем кубогы кезеңінде екілік могул бойынша алтын алған. Ол Сочидегі олимпиада ойындарында алтыншы орынды иеленген.