Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Мумин Шакиров жаңа жылдың алғашқы айында Қырымда он күн болып қайтты. Журналистің жосапарынан түсірген фотосуреттерді назарларыңызға ұсынамыз.
Қырым. 2015 жылдың қаңтары

1
Қырымдағы барлық дерлік сауда орындарында Ресей президенті Владимир Путиннің бейнесін кездестіруге болады.

2
Қыс мезгілінде Ресей президентінің суреті басылған футболкаларға сұраныс бәсең.

3
Тағы да Путин бейнесі мен "Бізді ренжіткендердің ғұмыры үш күннен аспайды!" деген жазу.

4
Қырым ханының ордасы болған Бақшасарай. Көне шаһар. Намазға дейінгі мезгіл.

5
Көне Бақшасарай көшесінде.

6
Тұман басқан Бақшасарай көрінісі.

7
Саки қаласындағы православиелік ғибадатхана мен жарнамалық жазу.

8
Керчьтегі паром өткелі. Судың қарсы бетінде - Ресей.

9
Украин және орыс тілдерінде жазылған жол белгілері.

10
Ең ұзақ троллейбус желісі Ялтаға дейін тартылған. Чехтың Skoda 9Tr маркалы ескі троллейбусы әлі күнге дейін осы желімен жолаушы тасымалдайды.

11
Қырымдағы Skoda 9Tr троллейбусының жүргізуші отыратын кабинасы.

12
Ялтадағы "Новороссия"-ға ақша жинайтын орын.

13
Феодосия автовокзалы. Осы жерден құрлыққа қатынайтын жол бар.

14
Қырымда жүрген украиналық нөмері бар автокөлік.

15
Ал мына суреттегі автокөліктің украиналық номері жанына ресейлік үш түсті тудың белгісі салынған.

16
Қырымда ақша айырбастайтын орындар жұмыс істемейді. Шетелдік валютаны тек банктерде айырбастауға болады.

17
Севастополь қаласындағы жолаушы тасымалдайтын шағын автобус.

18
Севастополь автобусының ішкі көрінісі. Қалалық билік жаңа жыл мейрамы кезінде автобус салонын безендіруден конкурс жариялаған.

19
Севастополь қаласында пикет өткізіп тұрған адамдар.

20
Севастополь көшесіндегі жарнама бағанындағы жазулар.

21
Севастополь көшесіндегі Ресей туы түсіндегі жаңажылдық безендіру.

22
Севастополь қаласындағы Нахимов атындағы даңғыл.