Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер "Киев пен Мәскеу ауыр қару-жарағын Минск келісімінде белгіленген демаркациялық сызықтан әрі 15 километр қашықтыққа әкетуге келісті" деп хабарлады. Штайнмайер келісім жайында Берлинде Ресей, Украина және Франция сыртқы істер министрлерімен кездесуінен кейін мәлімдеді.
Штайнмайер келісімді Шығыс Украинадағы бітімгершілік процестердегі "алға ілгерілеушілік" деп атады.
"Украин әскерімен соғысып жатқан ресейшіл сепаратистер Шығыс Украинаға қосымша қару-жарақ пен әскер тартып жатыр" деген ақпарат тарады. Киевтің мәлімдеуінше, сепаратистер келісілген шекарадан бері бірнеше шаршы километрге дейін кіріп кеткен.