Accessibility links

ИМ-ге қарсы коалиция өкілдері Лондонда кездеседі


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымына қарсы АҚШ бастаған коалицияға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері бүгін Лондонда кездеседі.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филипп Хаммонд кездесуді бірлесе жүргізеді.

Коалиция өкілдері осы айдың басында Парижде болған шабуылдардан кейін бірінші рет кездесіп отыр.

"Террористер бізді ыдыратқысы келеді, бірақ іс жүзінде ол әрекеттері кері әсер беріп, бізді біріктіре түсуде" деді Керри Лондонға ұшатынының алдында.

Джон Керри кездесуде шетелдік содырлар мәселесі күн тәртібіне шығатынын және содырлардың таралуын тоқтату жайлы ақпараттар алмасумен айналысатын сарапшылардың жұмыс тобы құрылатынын да айтты.

Еуропалық полиция агенттігі - Еурополдың дерегінше, Еуропа одағы елдерінің 5 мыңға жуық азаматы Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары қатарына өтіп кеткен.

XS
SM
MD
LG