12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді белгісіз мерзімге кейінге шегеру қажет деп мәлімдеді бүгін Астанада білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Министрдің сөзінше, 12 жылдық білім беруді кейінге қалдыру туралы қорытынды қазақстандық бірнеше мектепте жүргізілген тәжірибеден кейін жасалған. Министр Сәрінжіпов 12 жылдық білім беру жүйесін енгізуді кейінге қалдыруға әсер ететін факторлар қатарында қаржылық қиындықты да қосады. Оның айтуынша, министрлік үкімет қазір экономикада түрлі шаралар атқаруды жоспарлап отырғандықтан 12 жылдық білім беруге көшуді тоқтата тұруды шешкен.
2015 жылдан бастап Қазақстан мектептері 12 жылдық білім беру жүйесіне біртіндеп көше бастауы тиіс болған. Бұған дейін парламенттің кейбір депутаттары мен қоғам өкілдері 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бастамасын сынға алған.