Accessibility links

Донецкіде жарылыстан бірнеше адам қаза тапты


Сепаратистер бақылауындағы Донецк орталығында жарылыс болған аялдамадағы троллейбус. 22 қаңтар 2015 жыл.
Сепаратистер бақылауындағы Донецк орталығында жарылыс болған аялдамадағы троллейбус. 22 қаңтар 2015 жыл.

Ресейшіл сепаратистер мен ресейлік ақпарат құралдары Донецк қаласының орталығында автобус аялдамасында жарылыс болып, кемінде бес адам қаза тапты деп хабарлады.

"Интерфакс" агенттігінің өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасы штаб қолбасшысының орынбасары Эдуард Басуринге сілтеме жасап хабарлауынша, тоғыз адам қаза тапқан.

Сепаратистердің өзге бір өкілі жарылыстан бес адам қаза тапқанын айтқан. Ал "Россия-24" мемлекеттік телеарнасы 13 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланғанын хабарлады.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Бірақ кейбір ақпараттарға қарағанда, троллейбусқа немесе автобусқа снаряд түскен болуы мүмкін.

Шығыс Украинада үкімет әскері мен сепаратистер арасында қарулы қақтығыс басталған 2014 жылдың сәуірінен бері 4800-ден астам адам мерт болды.

XS
SM
MD
LG