22 қаңтар күні Атырау облысының Жұмыскер ауылында Исатай Тайманов атындағы мектептің 18 оқушысы белгісіз затпен уланып, ауруханаға түсті деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, 18 оқушы мен гардеробшы әйел бүгін түстен кейін нашарлап кеткен. Оқушылар облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.
Қазір мектепті төтенше жағдай мен газ қызметі мамандары және полицейлер тексеріп жүр.