Accessibility links

АҚШ 300-дей техникасын Өзбекстанда қалдырмақ


Ауғанстандағы АҚШ әскерінің бронтехникалары
Ауғанстандағы АҚШ әскерінің бронтехникалары

АҚШ Ауғанстандағы M-ATV беренді автокөлігінің 308 данасын және жөндеу жұмыстары мен эвакуацияға арналған 20 беренді техникасын Өзбекстанға қалдырады деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Даниэль Розенблюм.

Ол "Америка дауысы" радиосына берген сұхбатында: "Өзбекстан бұл құралдарды терроризм және есірткі саудасымен күрес үшін сұрап алды. Барлық беренді техникалар Өзбекстан қорғаныс министрлігінде қарауда болады және осы министрлік қана қолданады. Бұл қорғаныс құралдары қызметкерлерді, экипаждарды, жолаушыларды жарылыстар мен түрлі қауіпті жағдайлардан қорғайды" деді.

"Америка дауысының" айтуынша, бұл - АҚШ-тың Орталық Азияға көрсеткен ең ірі әскери көмегі. Көліктерді Ауғанстаннан жеткізу шығынын Өзбекстан өтейді.

Ресейлік ​"Экономические известия" басылымының жазуынша, M-ATV көлігінің құны 470 мың долларды құрайды.

XS
SM
MD
LG