Accessibility links

Берлин Кабулге миллион доллардан аса өтемақы төледі


Ауғанстанның Құндыз уәлаятында жүрген неміс әскері. Ауғанстан, наурыз, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Ауғанстанның Құндыз уәлаятында жүрген неміс әскері. Ауғанстан, наурыз, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Германия Ауғанстанда әскери операцияларға қатысқан кезіндегі осы елге келтірген шығындарының өтеуіне 1,1 миллион АҚШ долларын төледі.

Немістің DPA агенттігінің Германия ішкі істер министрлігінің есебіне сүйеніп хабарлауынша, Берлин өтемақыны 2002 жылдан бастап 2014 жылдың тамызына дейінгі аралықта келтірген шығындары үшін төлеген.

Өтемақының жартысына жуығы германиялық әскерилер 2009 жылы қыркүйекте Құндыз уәлаятын бомбалаған кезде қаза тапқан жүзден астам адамның туыстарына берілген. Құрбандардың әрқайсысы үшін туыстары бес мың АҚШ долларынан алған. Тағы 503 мың АҚШ доллары өлген мал мен басқа да материалдық шығындар үшін төленген.

Министрлік есебі Die Linke партиясының депутаты Ян Ван Акеннің сұрауы бойынша даярланған.

XS
SM
MD
LG