Accessibility links

"Әділ сөз" сөз бостандығы есебін жариялады


"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Қалеева.
"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Қалеева.

"Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы 2014 жылдың желтоқсан айында ой-пікір білдіру, ақпарат алу және тарату еркіндігі жайлы жасаған есебін жариялады.

Ұйым қорытындысы бойынша, желтоқсан айында сот Adam bol журналын жабу туралы шешім шығарып, кассациялық сот "Аңыз адам" журналының редакторы Жарылқап Қалыбайды 1 миллион 300 мың теңге төлеуді міндеттеген сот шешіміне берген шағымын қанағаттандырмай тастаған. Ал қоғамдық белсенді Мұсағали Дуамбеков азаматтық сот ісі бойынша өзіне "жала жапты" деп шағым берген кәсіпкерге 400 мың теңге төлеуге міндеттелген.

"Әділ сөз" ұйымы желтоқсан айында БАҚ пен азаматтарға қарсы "ар-намысым мен беделіме нұқсан келді" деген 7 шағым жасалып, 4 миллион 10 мың теңге өтемақы талап етілгенін хабарлайды. 2014 жылы "жала жабу" айыбы бойынша 15 шағым сотқа түскен.

XS
SM
MD
LG