БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 60/7-қарарымен қаңтардың 27-сі Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні ретінде белгіленген. 1945 жылы осы күні совет әскері Польша территориясындағы нацистердің Аушвиц-Биркенау (Освенцим) концентрациялық лагерінен тұтқындарды азат еткен еді. 1940-1945 жылдар аралығында бұл лагерьде бір жарым миллионға жуық адам - ерлер, әйелдер мен балалар құрбан болған.
Освенцим құрбандарын еске алу
1
Освенцим лагерінің бас қақпасы. Оның маңдайшасындағы «Arbeit Macht Frei» («Еңбек азаттық әкеледі») деген кекесін жазу әлі күнге дейін сақталған.
2
Освенцим құрбандарына қойылған ескерткіш тақта.
3
Бұрынғы Освенцим концлагерінің қазіргі көрінісі.
4
Освенцим лагеріндегі тікенек сыммен қоршалған тұтқындар ұсталған аймақ.
5
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіне қойылған заттар.
6
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіне қойылған бұрынғы лагерь тұтқындарының жеке заттары.
7
Освенцимдегі крематорий пештерін нацистер өлген тұтқындардың сүйегін өртеу үшін пайдаланған.
8
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі заттар. Бұл темір құтыларда болған "Циклон Б" деп аталатын улы затты нацистер тұтқындарды жаппай өлтіруге пайдаланған.
9
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі лагерь тұтқындарының аяқ-кіимдері.
10
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі бұл суретте соғыс кезінде нацистер бала-шағасымен қоса осы лагерьге әкелген еврей тұтқындар бейнеленген.
11
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі сурет.
12
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі лагерь тұтқындарының жеке гигиеналық заттары.
13
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі нацистер тұтқынының суреті.
14
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі суретте кеудесінде алтыбұрышты жұлдызша белгісі бар адамдар бейнеленген. Нацистер билігі әрбір еврейге осындай айрықша белгі тағып жүруді міндеттеген.
15
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі суретте нацистер лагерьге айдап әкелген тұтқындар бейнеленген.
16
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) мемлекеттік музейіндегі заттар. Нацистер тұтқындарды лагерьге осындай вагонға тиеп әкелген.
17
Бұрынғы Освенцим концентрациялық лагерінің аумағы.
18
Аушвиц-Биркенау (Освенцим) концентрациялық лагерінің бас қақпасы.