Accessibility links

ИМ шетелдік екі адамды өлтіретінін мәлімдеді


Радикалды "Ислам мемлекеті" таратқан видеодағы кепілдегі жапониялық Кенджи Готоның иорданиялық Муат әл-Касасбидің суретін ұстап тұрған сәті. 27 қаңтар 2015 жыл.
Радикалды "Ислам мемлекеті" таратқан видеодағы кепілдегі жапониялық Кенджи Готоның иорданиялық Муат әл-Касасбидің суретін ұстап тұрған сәті. 27 қаңтар 2015 жыл.

Радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы Иордания билігіне бопса жасаған жаңа видео таратты. Видеода ұйым егер Иордания қолға түскен Ирак содырын босатпаса онда иорданиялық ұшқыш пен жапон журналисін өлтіретінін ескертеді.

Видео жазбада иордан ұшқышы Муат әл-Касасбехтің суретін ұстап тұрған жапониялық фотограф Кенджи Гото көрсетіледі. Кадр сыртында Готоның даусына ұқсас дауыспен ер адам Иордания өзін-өзі жарып жібермек болған ирактық содыр әйел Сажида әл-Ришавиді түрмеден босатудан бас тартқандықтан жапон журналисінің босатылуына кедергі келтіріп отыр дейді. Сажида әл-Ришави 2006 жылдан бастап Иордания түрмелерінің бірінде өзіне шығарылған өлім жазасының орындалуын күтіп жатыр.

Жапония үкіметі қазір Иордания билігінің журналистің босауына ықпал ету жағын қарастырып жатқанын хабарлады. Өткен аптада "Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары кепілдегі бір жапон азаматын өлтіргенін мәлімдеп, егер Ришави босатылмаса Готоны да өлтіретіндерін ескерткен.

XS
SM
MD
LG