Accessibility links

Болгариядағы тасқын


Болгариядағы тасқын
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

Болгария жерінің жартысына жуығы тасқын судан зардап шекті. Ел көлемінде бірнеше тәулікке жалғасқан нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан шығып, кейбір елді мекендер аумағында төтенше жағдай жарияланды. Елдің шығысында жүздеген адам үй-жайларын тастап кетуге мәжбүр болған. Автокөлік және темір жол байланыстары үзілген. Билік орындары табиғи апатта бес адам құрбан болып, бірнеше адам хабарсыз кеткені туралы хабарлады. Тасқын салдарынан көршілес Албанияда да өзендер арнасынан асып, бірнеше ауылды су басқан. Ондаған отбасы үйлерінен көшірілген.

XS
SM
MD
LG