Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ахмедияровтың «Нафталині»
6 ақпан 2015 жыл, 07:41
Астанада суретші Асхат Ахмедияровтың «Нафталин» атты жеке көрмесі ашылды.
1
Асхат Ахмедияров қазіргі өнердің түрлі жанрлары - видеоарт, перфоманс, инсталяция, фото бойынша жұмыс істейді.
2
Суретшінің сөзіне қарағанда, картиналары ұрпақтар арасындағы байланыстың үзілгенін баяндайды.
3
"Нафталин" көрмесі - бұл автордың қазіргі заман туралы ойларының көрінісі.
4
Еркіндік пен таза ауа жоқ жерге күйе [көбелек] түседі. Нафталин - осы күйемен күрестің құралы. Суретші "адам жанының қараңғы түкпірлерін ашып, оған таза ауа жіберіп, еркіндік сыйлағысы келетінін" айтады.
5
Көрмеге суретшінің "Жалаңаяқ суреттер" атты сериясынан да картиналар қойылды. Бұл кескін кенепке аяқпен тапталып салынған.
6
Көрмеге келген адамдар "Жұмақ құстары" аталған перфомансқа да қатысып жатты.
7
Перфоманс бойынша, биік орындықта отырған қыздардан қызыл уылдырық пен ақ шарап сұрау керек.
8
Асхат Ахмедияров "Жасанды сұлулықтың астарындағы шынайы бейнелерді де көре білуіміз керек" дейді.
9
"Номад" фотосессиясы кейінгі ұрпақтың "жаңа һәм сырттан келген өркениет нормаларына" бейімделуін, бірақ бәрібір олардың "көшпенділер" түйсігімен қалғанын көрсетеді.
10
"Бағыныштылар" сериясында суретші адамдарды ұлттық киіммен салған, бірақ олардың ұлттық костюміне жат атрибуттар - медальдар мен эполеттер араласып кеткен. Осы арқылы суретші адамдардың қалай өзгергенін көрсеткен.
11
Асхат Ахмедияровтың "Нафталин" көрмесі Has Sanat артгалереясында наурыздың 4-іне дейін болады.
Ахмедияровтың «Нафталині»
Back to top
XS
SM
MD
LG