Accessibility links

Алан Гринспен: Грекияның еуродан бас тартқаны жөн


АҚШ Федералдық резер жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспен. Вашингтон, 7 маусым 2006 жыл.
АҚШ Федералдық резер жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспен. Вашингтон, 7 маусым 2006 жыл.

АҚШ Федералдық резерв жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспен Грекия еуродан бас тартуға мәжбүр болады деп санайды. BBC-ге берген сұхбатында ол Грекияға жаңа несие беруге ешкім ниетті емесін айтқан.

Грекия өзінің сыртқы қарыздарын төлеу шарттарын қайта қарап, жаңартқысы келеді. Бірақ, Гринспеннің пікірі бойынша, "Грекия еуродан бас тартпайынша бұл мәселе шешілмейді".

Бұған дейін Ұлыбритания қаржы министрі Джордж Осборн Грекияның еуродан бас тартуы британ саяси және іскерлік топтары арасында "дүрбелең тудыратынын" мәлімдеген еді.

АҚШ Федералдық резерв жүйесін 1987 жылдан 2006 жылға дейін 19 жыл бойы басқарған Алан Гринспен Грекияның қазіргі жағдайында еуродан бас тарту "ең жақсы стратегия" екенін айтады.

XS
SM
MD
LG