Accessibility links

АҚШ Йемендегі елшілігін жаппақ


АҚШ-тың Йемендегі елшілігіне кіре беріске қойылған бөгет. Сана, 27 қаңтар 2015 жыл.
АҚШ-тың Йемендегі елшілігіне кіре беріске қойылған бөгет. Сана, 27 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ Йемен астанасы Сана қаласын шиит көтерілісшілері басып алған соң осы елдегі елшілігін жабатын болды. АҚШ билігінің аты-жөнін атамаған өкілінің айтуынша, Санадағы дипломатиялық өкілдік жұмысын елдегі жағдай оңалғанша жаба тұрады.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Ұлыбритания, Франция және Германия да елшіліктеріндегі құжаттарын жойып, қызметкерлерін екі ай мерзімге демалысқа жіберген.

Көтерілісшілер Санаға өткен жылдың қыркүйек айында бақылау орнатып, өткен айда президент сарайын басып алған. Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хайди мен оның үкіметі отставкаға кеткен. 6 ақпанда көтерілісшілер парламентті таратып, уақытша ассамблея мен үкімет құрған.

XS
SM
MD
LG