Accessibility links

Ресей Twitter-ді "заң бұзды" деп айыптады


Ресейдің "Роскомнадзор" мекемесінің басшысы Александр Жаров.
Ресейдің "Роскомнадзор" мекемесінің басшысы Александр Жаров.

Ресейдің "Роскомнадзор" мекемесі Twitter желісін "Ресей заңдарын бұзды" деп айыптады. Мекеме басшысы Александр Жаров сайт "талаптарға жүйелі түрде бағынбайды" деп мәлімдеді. Оның сөзінше, желі АҚШ үкіметінің сұрауларына жауап береді де, Ресейге тұтынушыларға қатысты жеке бас мәліметтерін беруден бас тартады. Жаров "Роскомнадзор" танымал аккаунттар трафигіне қатысты мәліметтерді беру туралы өтінішінің бір де біреуіне жауап ала алмады" дейді.

Александр Жаров агенттік Twitter-ден "экстремистік" ақпараттарды бұғаттауды бірнеше рет талап еткенімен, орындалмағанын айтады.

Twitter-дің 9 ақпанда жариялаған іс-әрекет ашықтығы туралы есебінде 2014 жылы Ресей билігі желі әкімшілігіне 124 рет өтініш білдіргені және оның 32-сі орындалғаны айтылады. 2014 жылы берілген өтініш саны 2013 жылғыдан төрт есеге артық.

XS
SM
MD
LG