Украинаның Донецк облысындағы Краматорск қаласын артиллериялық қарудан атқылау салдарынан кемінде 12 адам (арасында балалар бар) қаза тауып, 64 адам жараланған. Украина армиясының басшылығы ресейшіл сепаратистер Краматорск әуежайындағы үкімет күштері позицияларын және оған жақын маңдағы қаланың тұрғын кварталдарын ресейшіл сепаратистер реактивті әскери қондырғылардан атқылады деп мәлімдеді. Украина президентінің кеңесшісі Юрий Бирюковтың айтуынша, атыс салдарынан украиналық екі сарбаз мерт болып, тоғызы жараланған. Ал өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» өкілдері Краматорскіні атқылауға өздерінің қатысы жоғын айтып, шабуылды «украин әскерілерінің арандатуы» деп атады.
Краматорск: зымыран соққысынан кейін
1
Краматорск көшелерінің бірінде реактивті снаряд түскен жерді қарап тұрған адамдар. Facebook әлеуметтік желісінде Ilya Kiva есімді қолданушы жариялаған сурет.
2
Тұрғындар әскери снаряд түскен жерде тұр.
3
Балалар ойнайтын алаңға түскен снаряд.
4
Краматорскіні атқылаған кезде қаза тапқан адамның туыстары.
5
Краматорск тұрғыны ақпанның 10-ы күні артиллериялық қарудан атқылау салдарынан сынған пәтер терезесінен қарап тұр.
6
Снаряд түскен жерде жүрген украиналық әскери.
7
8
9
Краматорск тұрғындары көшеде әскери реактивті снаряд түскен жерде тұр.
10
Краматорскідегі атыс салдарынан бүлінген автокөлік.