Accessibility links

Киев сепаратистерді атысты тоқтатпай отыр деп айыптады


Өртенген жүк көлігінің қаңқасы. Донецк облысы. 13 ақпан 2015 жыл.
Өртенген жүк көлігінің қаңқасы. Донецк облысы. 13 ақпан 2015 жыл.

Украинаның шығысында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енген өткен түннен бері сепаратистер үкімет күштері позицияларына 10 рет оқ атқан деп хабарлады Украина бас штабынан. Оның ақпаратында бей-берекет атыстан украиналық әскерилер арасында зардап шеккендер жоқ екендігі айтылған.

Ресейшіл сепаратистер болса, атысты тоқтату туралы келісімді Украина әскері бұзды деп отыр. Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасының» өкілі Эдуард Басурин Дебальцево маңында әскери іс-қимылдар байқалды деп мәлімдеген. Киев бұл ақпаратқа қатысты түсінік берген жоқ.

Донбаста атысты тоқтату режимі ақпанның 15-інде Киев уақытымен сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Сенбі күні президент Петр Порошенко Украина әскерилеріне оқ атпау туралы бұйрық берген.

Оның алдында Порошенко егер дағдарыс аймағында бітім туралы келісім орындалмаса, онда бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жарияланады деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG